Ақтөбеде 83 жастағы зейнеткер терезеден құлап мерт болды

30 Қазан 2019, 15:37
2070
Бөлісу:
Ақтөбеде 83 жастағы зейнеткер терезеден құлап мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарт әже тұрғын үйдің 4-қабатының терезесінен секіріп кеткен болуы мүмкін, деп хабарлады Ақтөбе ПД баспасөз қызметі.

"30 қазан күні сағат 08:35-те полиция бөлімшесіне қаладағы Әбілқайыр хан көшесінің бойындағы үйдің маңайында 83 жастағы қарияның денесі жатқаны айтылды. Ол өз пәтерінен секіріп кеткен", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.




Өзгелердің жаңалығы