Жалпы жаңалықтар
-
-
Киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника: Мереке қарсаңында тауарлар 70%-ға дейін жеңілдікпен сатылады
Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.10.2025
-
Оқушыдан депутатқа дейін: Республика күні сіз үшін қандай мереке?
25 қазан – Республика күні. Бұл күн – қазақ халқының мемлекет ретінде тәуелсіздігіне бастау болған тарихи сәтті еске алу, елдің бірлігі мен егемендігін қадірлеу күні. Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш пен отаншылдық сезімін оятатын ерекше мереке.
23.10.2025
-
Бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан 7 жасар қыз баланы көлік соғып кетті
Астанада Айнакөл көшесінде 7 жастағы баланы көлік соқты. Полицияның мәліметінше, бала жаяу жүргіншілер өткелінен жасыл шам жанғанда өткен. Жәбірленуші амбулаторлық емге жіберілді, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Миллиондаған қазақстандық жұмыс берушіден "зейнетақы бонусын" алды
2025 жылдың басынан бері 5,3 миллионнан астам қазақстандық жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен қамтылды. Жаңа жүйе 2024 жылдан бастап енгізілді және қызметкерлерге қосымша "зейнетақы бонусын" алуға мүмкіндік береді. Бұл шара жас буынның болашақ зейнетақысын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Сенат жасанды интеллект туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Сенаттың кеңейтілген отырысында депутаттар "Жасанды интеллект туралы" заңды Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Алматыда асфальт опырылды: Компания аккредитациясынан айырылды
Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысында асфальт опырылғаннан кейін Алматы қаласының қалалық жоспарлау бақылау басқармасы Достық шағын ауданындағы инженерлік желілер құрылысы нысаны бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты
Самара – Шымкент тасжолының Белқопа ауылы маңында DAF жүк көлігі мен жолаушылар мінген «ГАЗель» көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
"100% кіріс береміз": Takorp қаржы пирамидасына 117 адам алданған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Takorp» қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Пирамида 100% кіріс уәде етіп, азаматтардың ақшасын USDT арқылы тартқан. 117 адам қатысқан, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Әлемде: Трамп марапатталды, Дели "тұншықты", Батыс Еуропаға "метеобомба" жақындады, Солтүстік Корея зымыран ұшырды
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
23.10.2025
-
Қазақстан балабақшаларында балаларды 4 жастан бастап мамандыққа баулиды
2025-2026 оқу жылында Қазақстанда «Еңбек пен мамандыққа ерте жастан баулу» атты пилоттық жоба басталады. Бағдарламаға еліміздің түкпір-түкпірінен 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады: оның ішінде 62-сі мемлекеттік, 38-і жекеменшік балабақша, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.10.2025
-
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды
Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды облысында медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдің жеті ауданында 51 медициналық нысан, атап айтқанда фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар және медициналық пункттер салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.10.2025
-
3 трлн теңге: Қазақстандық зейнеткерлер рекордтық төлем алды
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Парламент ғимараты маңында атыс болды
Парламент ғимаратының маңында атыс болып, бір адам жарақат алды. Шабуыл жасаған ер адам шатырды өртеп, жарылыс болған. Бұл оқиға куәгерлер арасында дүрбелең тудырды. Күдікті ұсталды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
23.10.2025
-
Президент тапсырмасы: өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру, жоғары деңгейлі қайта өңдеуге ерекше назар аударылуда
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіп секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа өндіріс орындарын құру, сондай-ақ салаға белсенді түрде инвестициялар тарту жөнінде бірқатар шара қабылдады. Аталған тақырыптарда Primeminister.kz сайты шолу жариялады.
23.10.2025
-
Терроризмге қарсы күрес штабы маңызды мәлімдеме жасады – Астана
Астанада жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр. Бұл туралы елорданың терроризмге қарсы күрес штабы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.10.2025
-
Трамп Қазақстандағы кен орындарымен келісім жасауға күш салды
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Қарағанды облысындағы вольфрам кен орындарына қатысты келіссөздерге қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
23.10.2025
-
Манамада III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары ресми түрде ашылды
Бахрейннің Манама қаласында 2025 жылғы III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.10.2025
-
"Ұлытау-GEO" деректі фильмі көрерменге жол тартты
Ұлттың ұясы атанған Ұлытау жайлы жаңа тарихи-танымдық жоба – "Ұлытау-GEO" деректі фильмдер топтамасы жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.10.2025
-
Үндістан президенті мінген тікұшақ әлі қатпаған бетонға жабысып қалды
Президенттің бағыты ауа райының нашарлауына байланысты шұғыл түрде өзгертілді, бірақ тікұшақ алаңы жөндеуден кейін әлі қатып үлгермеген бетонға жабысып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Hindu газетіне сілтеме жасап.
23.10.2025
Наверх