Маңғыстау облысында тәртіп сақшылары ардагерлерге құрмет көрсетті

Полиция департаменті ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтіп, оларға қолдау көрсету жалғасатынын мәлімдеді.

 Polisia.kz Кеше 2026, 23:55
Кеше 2026, 23:55
179
Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысында Жеңіс күніне орай тәртіп сақшылары соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылығы ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыстады. Делегация құрамында полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхтар Садақбаев және кадр саясаты жөніндегі орынбасары Алмас Мұқан болды.

Полицейлер тыл ардагерлері Тарбия Акджигитова, Бектұрған Абилхасов және Майдан Каракульчиковтың үйлеріне барып, алғыс білдірді. Сонымен қатар Ақтау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ольга Заривнякқа ерекше құрмет көрсетілді.

1927 жылы дүниеге келген ардагер соғыс жылдары небәрі 14 жасында партизандық жасақ құрамында байланысшы болып қызмет атқарған. Ол маңызды ақпараттарды жеткізіп, жараланған сарбаздарға көмектескен.

Полиция департаменті ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтіп, оларға қолдау көрсету жалғасатынын мәлімдеді.

Наверх