"Бәйтерек" жанындағы әдепсіз фото: Студент 5 тәулікке қамалды

Қазіргі уақытта сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 06:35
Бүгiн 2026, 06:35
163
Фото: istockphoto.com

Астанада «Бәйтерек» монументінің жанында әдепсіз сипаттағы фото түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялаған студент 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Бұл туралы Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот мәліметінше, құқық бұзушының әрекеті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Ол қоғамдық орында әдепсіз ишарат жасап, суретін интернетке жариялау арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Құқық бұзушылық фотосуреттермен және іс материалдарымен дәлелденген.

Сот қаулысымен азамат ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушылықтың қоғамға теріс әсерін, қоғамға құрметсіздік танытқан әрекетін және құқық бұзушының 2006 жылы туған студент екенін ескерген.

Қазіргі уақытта сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Бәйтерек" ескерткіші алдында әдепсіз қылық көрсеткен 19 жастағы жігіттің ұсталғанын жазғанбыз.

Наверх