Израиль Ливанның оңтүстігіне шабуыл жасады: 7 адам қаза тапты

Министрлік қаза болғандар арасында бейбіт тұрғындар бар екенін атап өтті.

 REUTERS / Mohamed Azakir Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
181
Фото: REUTERS / Mohamed Azakir

Ливанның оңтүстігінде Израиль жасаған әуе соққысы кемінде жеті адамның, оның ішінде бір баланың өмірін қиды. Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Саксакия қаласына жасалған соққыдан тағы 15 адам жарақат алған, олардың арасында үш бала бар. Сонымен қатар Набатия қаласында болған тағы бір шабуыл кезінде Сирия азаматы қаза тауып, оның 12 жасар қызы ауыр жарақат алған.

Ливан билігінің дерегінше, соңғы күндердегі шабуылдар салдарынан елде 120-дан астам адам қаза тапқан. Министрлік қаза болғандар арасында бейбіт тұрғындар бар екенін атап өтті.

Израиль әскері бұл соққыларды «Хезболлаға» тиесілі нысандарға бағытталған операциялар деп сипаттағанымен, нақты пікір білдірмеді.

Сол уақытта «Хезболла» тобы да Израильдің солтүстігіне дрондық шабуыл жасағанын мәлімдеді. Израиль тарапы бұл шабуылдардан үш сарбаз жараланғанын хабарлады.

Аймақтағы шиеленіс 2024 жылғы атысты тоқтату келісімінен кейін де жалғасып келеді. Соңғы апталарда екі тарап арасындағы соққылар жиілеп, жағдай одан әрі ушығып отыр.

Наверх