Теңіздегі шиеленіс: АҚШ 4 кемені істен шығарғанын мәлімдеді

CENTCOM өкілдері бұл әрекеттер Иранның теңіз арқылы тасымал бағыттарын шектеуге бағытталғанын атап өтті.

 magnific.com Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
150
Фото: magnific.com

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) 13 сәуірден бері Иранға бағытталған теңіз блокадасы аясында бірқатар шаралар жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, осы уақыт аралығында АҚШ әскери күштері 58 сауда кемесін бағытын өзгертуге мәжбүр еткен, сондай-ақ Иран порттарына кіруге немесе шығуға әрекет жасаған 4 кемені істен шығарған.

CENTCOM өкілдері бұл әрекеттер Иранның теңіз арқылы тасымал бағыттарын шектеуге бағытталғанын атап өтті.

АҚШ тарапы Иран порттарына бағытталған барлық кемелер қозғалысына бақылау орнатылғанын және теңіздегі қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлады.

Наверх