Жартасқа атын жазған маңғыстаулық тұрғын жауапқа тартылды

Полиция табиғи және тарихи орындарды бүлдіргендер заң алдында жауап беретінін ескертті.

 lada.kz Кеше 2026, 22:53
Кеше 2026, 22:53
191
Фото: lada.kz

Маңғыстаудағы Сай тілдері шатқалында жартастарға жазу қалдырған вандал жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз ер адамның тасқа өз есімі мен көлігінің мемлекеттік нөмірін жазғаны көрсетілген. Полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында құқық бұзушыны анықтап, оны ұстады. Ол 2005 жылы туған азамат болып шықты.

Тәртіп бұзушыға ұсақ бұзақылық бабы бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Сонымен қатар ол жартастағы жазуларды өшіріп, нысанды бастапқы қалпына келтіруге міндеттелді.

Полиция табиғи және тарихи орындарды бүлдіргендер заң алдында жауап беретінін ескертті.

Наверх