Төтенше жағдай: Nur Otan мүшелері бір күндік жалақысын аударды

18 Наурыз 2020, 14:03
1698
Бөлісу:
Төтенше жағдай: Nur Otan мүшелері бір күндік жалақысын аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. 

Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 миллион теңге бағытталды. 

Аталған қолдау "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" және "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалары аясында жүзеге асып отыр. 

Бұл қаражатқа медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынып, оларды партиялықтар мен Jas Otan волонтерлары халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына үлестіріп беретін болады.

Сонымен қатар, партияның Орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы