Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 сәуір күні кешке Астанада төселген тротуардың бір бөлігі жер астына опырылып түсіп кеткен болатын.
«Астана Су Арнасы» МКК хабарлағандай, сағат 17:08-де Тәуелсіздік-Қажымұқан көшелерінің қиылысында жолдың тротуар бөлігінде орналасқан Д=800 кәріз коллекторы істен шыққан.
Опырылып қалған учаске көлік қозғалысына кедергі келтірмейтіндіктен және жақын маңдағы үйлерді сумен жабдықтаудан ажырату жоспарланбаған. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы» МКК авариялық бригадасы жолдың тротуар бөлігінде коллектор мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.