Тоқаев: Білім беру жүйесі жаңа реалияларға тез бейімделуді қажет етеді

16 Тамыз 2019, 12:40
7046
Бөлісу:
Тоқаев: Білім беру жүйесі жаңа реалияларға тез бейімделуді қажет етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесі жаңашылдыққа тез бейімделуі қажет екенін айтты. Бұл туралы ол Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Тамыз конференциясында мәлімдеді.

«Бүгінде IT мен биотехнология саласындағы революция адамзатты өзгертіп жатыр. Сол себепті білім беру жүйесі жаңа реалияларға тез бейімделуді қажет етеді. Әлемдегі жетекші мектептер балалардың креативтік потенциалын дамытумен айналысады, цифрлық технологиялар мен нақты ғылымдарды оқытады. Педагогтар оқыту әдістемесін ойын форматына ауыстырып, үнеміжаңа мамандықтар мен дағдыларды ізденеді. Бәріміз Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыруға ұмтыламыз. Бұған жетудің кілті – сапалы және қолжетімді, қазіргі заманғы білім. Осы салаға қуатты күш беру маңызды болып отыр», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Тамыз конференциясы барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау қажет екенін айтты және ұстаздардың жалақысын екі есе өсіруді тапсырды. Сонымен қатар президент ағылшын тілін 2-3-сыныптардан бастап оқыту орынды екенін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы