Автобуста төбелес шығарып, газ баллон шашқан ер адам ұсталды

16 Тамыз 2019, 12:29
1795
Бөлісу:
Автобуста төбелес шығарып, газ баллон шашқан ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қалалық автобустардың бірінде бұрыш газ баллон шашып, төбелес шығарған азамат ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға 15 тамызда 10:00 шамасында №9 автобуста болған. Белгісіз ер адам автобус салонында біреумен төбелесіп қалып, бетіне газ баллонын шашып жіберген. Артынша автобустан шыққаннан кейін ер адам қарсыласының бетінен теуіп, оқиға орнынан қашып кеткен

Өзгелердің жаңалығы