Бес жылда 5,5 трлн теңге жұмсаймыз - Бейбіт Атамқұлов

21 Сәуір 2020, 11:40
1870
Бөлісу:
Бес жылда 5,5 трлн теңге жұмсаймыз - Бейбіт Атамқұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасы туралы айтты.

Мемлекеттік бағдарламада жалпы сомасы 5,5 трлн теңгені құрайтын 112 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Бағдарлама аясында алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жол құрылысы мен реконструкциясы, республикалық желідегі 11 мың шақырым жолды күрделі және орташа жөндеу жоспарланған. Автожол саласын қаржыланыдырудың жалпы көлемі 3,5 трлн теңгені құрайды. Республикалық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 100 пайызға дейін жеткізіледі. Бірінші және екінші техникалық санаттардағы жол ұзындығы 60 пайызға дейін, ақылы жолдар үлесі - 45 пайызға дейін ұлғаяды. Жол бойындағы сервис нысандарымен 100 пайыз қамтамасыз етіледі, - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, биыл 2020-2025 жылдарга арналған "Нұрлы жол" бағдарламасының бірінші жылы басталады. 

Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 95 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық желі - 24,7 мың шақырым, оның 88 пайызы немесе 21,7 мың шақырымы - жақсы және қанағаттанарлық күйде. Ал жергілікті желі - 70,9 мың шақырымды құрайды және оның жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі - 71 пайыз немесе 50 мың шақырым. Елді мекен көшелерінің ұзындығы - 72 мың шақырым, - дейді министр.
Бұған дейін Бейбіт Атамқұлов коронавирусқа байланысты азаматтық авиация жыл соңына дейін 300 миллиард теңге жоғалтуы мүмкін екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы