Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте тұрғындардың коронавирусты жұқтырып жатқан орындарды табады.
Соңғы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша азаматтардың 90%-ы коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған.
Қоғамдық орындарда жұқтыру қаупі жоғары - 49%, отбасында - 22%, ал қоғамдық көлікте - 18%.
Көбінесе 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар жұқтыруда, олардың көрсеткіші - 33%, 40 пен 60 жас аралығындағы азаматтар - 28%, ал 60 жастан асқандардың 25% жиі ауырады. Осы жас санатындағы азаматтар барлық науқастың 86%-ын құрайды, - деді Бекшин.
Қаланың бас санитар дәрігері брифинг барысында тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе жабық бөлмелер мен адам көп жиналатын орындарға барғанда бетперде киюді, сондай-ақ сапарға жиі шығудан, адам көп жиналатын бұқаралық іс-шараларға барудан аулақ болуды ескертті. Аурудың алдын алудың маңызды шарасы – гигиена, әсіресе қолды таза ұстау.
Сөзінің соңында Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын белсенді түрде вакциналануға шақырды. Ол адамдардың қауіпті инфекциядан қорғайтын вакцина алмаса, аурудың азаймайтынын атап өтті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бекшин Алматыда 23%-ды иммунды қабат қалыптасқанын айтты.