Алматы білім, ғылым және іскерлік орта ретінде дамып келеді – Тоқаев

29 Қазан 2019, 10:50
7024
Бөлісу:
Алматы білім, ғылым және іскерлік орта ретінде дамып келеді – Тоқаев
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі көтерме және бөлшек сауданың 40%-дан астамы, сыртқы сауда айналымының 15%-ы Алматы қаласында жүргізіледі. 

Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте айтты. 

Жиын барысында ол соңғы жылдары қалаға жаңа аумақтар қосылып, көлемі екі есеге ұлғайғанын айтып өтті. 

IMG_20191029_110417.jpg

"Халқының саны 20%-ға өсіп, 1,8 млн адамға жетті. Бүгінде дүниежүзіндегі 600 қалалық агломерация әлемдік ЖІӨ-нің үштен екісін өндіріп отыр. Біздің шаһарларымызда ұлттық экономиканы дамытуға зор үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда елдің ЖІӨ-нің үштен бірі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Алматы тәуелсіздік жылдары ірі экономикалық орталыққа және республикалық бюджеттің донорына айналды. Шаһардың ЖІӨ-нің бестен бірін мемлекеттік бюджетке түсетін түсімінің 20%-ын құрап отыр", - деді ол. 
Сөз арасында ол қала инвесторлар үшін қолайлы, ірі іскерлік орталыққа айналғанын жеткізді. 
"Еліміздегі көтерме және бөлшек сауданың 40%-дан астамы, сыртқы сауда айналымының 15%-ы осы қалада жүргізіледі. Қазір Алматыда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың бас кеңселері орналасқан. Осында ашылған БҰҰ-ның 17 мекемесінің өкілдіктері Орталық Азияның хабына айналып отыр. Қаланың экономикалық ахуалына қатысты ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады", - деді мемлекет басшысы. 
IMG_20191029_110425.jpg

Сондай-ақ, ол бүгінгі бас қосуда Алматыны одан әрі дамыту мәселесі қаралатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы