Ербол Мырзабосынов, Саясат Нұрбек: Екі министр тағайындалды

 Ақорда 3 Қыркүйек 2026, 13:00
3 Қыркүйек 2026, 13:00
296
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы екі министрді тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғанын жаздық. 

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Жаслан Мәдиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болған, енді Премьер-министрдің орынбасары қызметін де қоса атқаратын болады.

Мәди Такиев Қаржы министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына, ал Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына, ал Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындалды.

Өнеркәсіп, Оқу-ағарту және Сауда министрлері де тағайындалды. Олар:

Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.

Ал Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.

Наверх