“Бізге “қашыңдар” деді”. Шерзаттың досы сотта жауап берді

18 Сәуір 2025, 18:10
6668
Бөлісу:
“Бізге “қашыңдар” деді”. Шерзаттың досы сотта жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Сотта марқұм Шерзат Болаттың досы Мирас Сейсенбай куәлік етіп, оқиға болған күнді баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мирас Сейсенбайды досы "Қамажай" дүкеніне ертіп әкелген. Айтуынша, Шерзат екеуін сол маңға өзі шақырған. Алайда Мирас пен Ахмет Махмет дүкен алдына жеткенде, Шерзат ол жерде болмаған.

Біз келгенге дейін бір Гольф көлігі болды. Біз келген соң сары түсті Hyundai Accent көлігінен үш жігіт түсті. Біз сөйлесіп тұрғаннан кейін артынан Мерседес көлігі келді. Ол көліктен көп адам түсті. Олар Ахметтен “менің бауырымды ұрған сен бе?” деп сұрады. Ахмет “жоқ” деп жауап бергенде біреуі Ахметті ұрып жіберді. Кім ұрғанын түрлеріне қарап үлгермедім. Маған біреу келе жатып, итеріп жіберді. Бір аяғым арыққа түсіп, қарасам Ахметті төбелестің ішінен Нұрқанат пен тағы бір аға тартып жатыр екен. Екінші кісінің түрін көріп үлгермедім, - деді ол.

Мирас 4-ке жуық адамның қолынан пышақ көргенін айтады. Оның сөзінше, жігіттердің қолында бәкі болған.

Кім айтқанын білмеймін, бірақ бізге “қашыңдар” деді. Біз қашып кеттік. Шерзатқа қоңырау шалғанымызда жауап бермеді. Шерзат алмаған соң қайтадан дүкен алдына бардық. Оқиға болған жерге барғанымызда тұрғындар тұр екен. Қарасақ, қан, көліктің кілттері бар екен. Дүкенде біреу бар ма екен деп, дүкенге қарай бардық. Шерзаттың әжесімен сөйлесе алмадық, ол жауап бере алатындай жағдайда болған жоқ. Әжені дүкенге кіргізіп, жедел жәрдем шақырып, Ахметтің басын жудық, – деді ол.

Прокурордың сұрағына жауап бергенде жігіттердің қасында екі әйел болғанын да айтты.

Мирас досы Шерзаттың қайтыс болғанын ауруханаға барғанда естіген.

Еске сала кетейік, марқұм Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Кадировадан сотталушылардың арасынан кімді танитынын айтты. Ол сотта келіні, яғни Шерзаттың анасы екеуі таксиден түскеннен кейінгі әрекеттерін айтып берді. Сондай-ақ Шерзаттың әжесі айыпталушылармен бірге болған қыздардың не істегенін баяндады. Шерзаттың әкесі де сол түні болған оқиғалар туралы айтты.  Әрі Шерзатқа әкесі көлікте реанимация жасаған.

Өзгелердің жаңалығы