Алматыда ҚазҰУ-дың бірінші курс студентінің өлімі тергеліп жатыр

Шымкенттен журналистика факультетіне оқуға келген қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

 ©BAQ.KZ архиві 8 Қараша 2026, 15:19
8 Қараша 2026, 15:19
201
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Алматы полициясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студентінің қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қайғылы оқиға 6 қараша күні кешке студенттер қалашығының аумағында болған.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Белгілі болғандай, марқұм журналистика факультетінде оқыған. Ол білім алу үшін Шымкенттен Алматыға келген.

Ал студенттер арасында оқиғаның себептері туралы түрлі болжам айтылып жатыр. Соның ішінде өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген нұсқа да талқылануда. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Наверх