"Оны өлтіру үшін барғандары анық" – Шерзаттың әжесі айыпталушылар туралы

18 Сәуір 2025, 11:34
570
Бөлісу:
"Оны өлтіру үшін барғандары анық" – Шерзаттың әжесі айыпталушылар туралы
Фото: видеодан скриншот

Талғарда болған Шерзат Болаттың қазасына қатысты істің сот отырысында Шерзаттың әжесі Жұмабике Кадировадан жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шерзатқа сол жерге барған адамның бәрі қол көтерді. Ол жерде қол көтермеген, аяғымен теппеген бір адам қалған жоқ. Ондай істейтіндей не істеп қойғанын осы күнге дейін түсіне алмаймын. Ол 16 жастағы бала ғой. Бұлардың ар-намыстары жіберіп, оны өлтіргеніне әлі таңғаламын. Баламның бір рет ұрғаны үшін түнде ақ шашыммен кешірім сұрауға келдім. Менің балам түнде жүретін бала емес. Ол әкесінен қуаттағышын алып, Қытайда оқитын балаға су алуға барған. Түнде баламды жүргізген емеспін. Себебі оның жауапкершілігі менің мойнымда болды. Оны өлтіру үшін барғандары анық болып тұр. Себебі олар 3 көлік болып, дайындалып, топ болып келген, - деді Шерзаттың әжесі.

Ол сотта келіні екеуі таксиден түскеннен кейінгі әрекеттерін айтып берді.

Анасы Шерзатты әжесінен бұрын көрген. Сол кезде Гүлбара Бишімбиева (Шерзаттың анасы – ред.) Шерзатқа бара жатқанында оны екі адам ұстап алды. Мені Абзал құлатқанға дейін бәрін көрдім. "Жібер, жібер" дегенде ешкім жібермеді. Шерзат құлағанға дейін оған Гүлбара жете алған жоқ, Нұрқанат та жете алған жоқ. Себебі бәрі онымен де алысып жатты. Олар өлтіру үшін дайындықпен келген адамдар. Олар бекерден-бекер келген жоқ ол жерге, - деді Шерзаттың әжесі.

Ол айыпталушылардың бірде-біреуін бұған дейін танымағанын, сондай-ақ топ болып жүрген балалардың санын білмегенін айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, марқұм Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Кадировадан сотталушылардың арасынан кімді танитынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы