Краковта атыстан алты адам қаза тапты: қалада төрт күндік аза тұту жарияланды

25 жастағы ер адам қала орталығында кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан. Тағы 12 адам ауыр жағдайда жатыр.

 Anadolu 8 Қараша 2026, 13:17
8 Қараша 2026, 13:17
155
Фото: Anadolu

Польшаның Краков қаласындағы Бас базар алаңында болған атыстан алты адам көз жұмды. Осыған байланысты қалада 11 қарашаға дейін аза тұту жарияланды.

Бұл туралы қала әкімі Лукаш Гибала X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Мен 11 қарашаға дейін аза тұту жариялау туралы өкімге жаңа ғана қол қойдым, – деп жазды қала басшысы.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны алты адамға жеткен. Тағы 12 зардап шегушінің жағдайы ауыр.

Оқ ату 7 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында Краковтың Бас базар алаңында болған. Агенттік мәліметінше, камуфляж киіміндегі Польша азаматы, 25 жастағы ер адам мемлекеттік нөмірі жоқ Subaru көлігінен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан.

Ұстау кезінде шабуыл жасаған адамның өзі де оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

Наверх