Талғарда болған Шерзат Болаттың қазасына қатысты істің сот отырысында Шерзаттың әжесі Жұмабике Кадировадан жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Прокурор Дана Сәрсенбай айыпталушылармен бірге болған екі қыз туралы сұрады.
Сіз жәбірленуші ретінде жауап бергеніңізде келген топтың арасында екі қыз болғанын айттыңыз. Осы екі қыздың іс-әрекетін толық айтып беріңізші. Не істеді? Қайда тұрды? – деп сұрады прокурор.
Жұмабике Кадирова екі қыз балалармен бірге жүгіріп келгенін айтты.
Маған “скорый шақырмайсыз ба, скорый шақырмайсыз ба” деген дауысын естідім. Ол қыздардың түрін танымаймын. Не істеп, не қойып жатқандарын білмеймін. Балалар олардың қолдарын ұстап, машинаға тығып алып кетті. Себебі олар (қыздар – ред.) маған қарап тұрды. Бірақ мен жедел жәрдем шақыратын жағдайда болған жоқпын, - деді Шерзаттың әжесі.