-
-
Алматы облысында күн электр стансасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Қапшағай қаласында «Eneverse Kunkuat» ЖШС-ның «Nurǵısa 100 МВт Solar Park Qapshaǵaı» күн электр стансасының 100 мегаваттық 1-ші кезегі іске қосылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2019
-
Елордада екі оңалту орталығы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-сұлтан қаласында екі оңалту орталығы мен 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2019
-
Қарағандыда ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 62 ауланы абаттандыру жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Тағы 38 аулада жұмыстар жалғасуда. Жөндеу жұмыстары қазан айының басында аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.
03.09.2019
-
Көлгінов: Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында алдағы үш жылда кезекте тұрған аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2019
-
«Астана Опера» жаңа театр маусымын ашады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана Операның» жетінші театр маусымының шымылдығы ұлттық классика жауһары Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен ашылмақ. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2019
-
Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңес ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңесінің «Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті проблемалары» атты отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2019
-
Атырау маңында 102 шақырым жолға асфальт төселеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмысшылар қала маңындағы 97 көшеге, яғни, 102 шақырымға жолға асфальт төсейді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
03.09.2019
-
ЕҚЫҰ Қазақстанмен жасасқан ынтымақтастыққа үлкен мән береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғары комиссары Ламберто Заньерді қабылдады.
03.09.2019
-
Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша премьер-министр Асқар Маминнің жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ақпаратын тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2019
-
Президент «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2019
-
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
03.09.2019
-
Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссарын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньерді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2019
-
Техникалық байқаудың арнайы бағдарламаларына жаңа ережелер енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ техникалық байқау орталықтарында орнатылған жабдықтарға сәйкес келетін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды әзірледі.
03.09.2019
-
Мемлекеттік қолдау бір ауылды құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жабылудың аз алдында тұрған ферма екі жылда адам танымастай өзгерді. Бұл мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалана білген фермер еңбегінің жемісі.
03.09.2019
-
Қазақстанда үй жануарларының жолға шығып кету фактілері азаймай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізушілерден ақылы жолдардың бойында үй жануарлары жүр деген шағымдар күнделікті келіп түседі, деп хабарлады ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
03.09.2019
-
ШҚО-да қылмыстық істер электронды форматта қаралуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің құқық қорғау органдары биылдан бастап орта дәрежедегі қылмыстық істерді электронды форматта қарай бастады. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
03.09.2019
-
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция басқармасына үміткерлер шақырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Есіл ауданының полиция басқармасына қызмет атқару үшін үміткерлерді шақырады. Бұл туралы Есіл ауданы бойынша Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
03.09.2019
-
ТЖД: Ақтөбе облысында 2018-2019 жылдағы жылыту маусымында 169 өрт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін пештерді әктеп, мұржаларды тазарту керек. Бүгін төтенше жағдайлар қызметі жылыту маусымына дайындықтың басталғанын айтты. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
03.09.2019
-
"Қарлығаш ұя салғанда" – екінші маусым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Хабар» телеарнасынан бүгіннен бастап, өткен жылы көрерменнің көзайымына айналған «Қарлығаш ұя салғанда» телехикаясының екінші маусымы жалғасын табады.
03.09.2019
-
Алматыда бойжеткенді автобус басып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңғы 8.00 шамасында №45 автобус Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла берген кезде, жаяу жүргіншіні басып кеткен, деп хабарлады Almaty.tv.
03.09.2019
Наверх