Нұр-Сұлтан қаласының Полиция басқармасына үміткерлер шақырылады

3 Қыркүйек 2019, 17:38
2578
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция басқармасына үміткерлер шақырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Есіл ауданының полиция басқармасына қызмет атқару үшін үміткерлерді шақырады. Бұл туралы Есіл ауданы бойынша Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: жасы 35-ке дейін, жоғары немесе арнайы орта заң білімі және бойы 170 см кем емес болуы, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі немесе Қазақстан Республикасының оқу мекемелері жанында Әскери кафедра курсын аяқтауы тиіс.

Ұсынылатын лауазымдар: тергеушілер, жедел уәкіл, ювеналдық полиция инспекторы, учаскелік полиция инспекторы және полицей.

Біз сауатты, дене даярлығы дамыған және ішкі істер органдарында қызмет атқаруға дайын үміткерлерді шақырамыз. Біз тұрақты еңбек ақыны, мансаптық жоғарылауды және әлеуметтік қамтамасыздандыруды ұсынамыз. Елордалық Есіл ауданының қызметкерлерінің қатарынан қызмет атқара отырып, Сізге бірінші кезекте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын алаңымен қамтамассыз етіледі. Тұрғын үйді жалға алғаныңыз үшін отбасының әрбір мүшесіне өтемақы аласыз. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

Біздің мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 27/1 а.

Тел.: 8- (7172) 71-65-72, 8- (7172) 71-62-64, Кезекшілік бөлім: 71-65-57.

Өзгелердің жаңалығы