Алматыда бойжеткенді автобус басып кетті

3 Қыркүйек 2019, 16:16
2205
Бөлісу:
Алматыда бойжеткенді автобус басып кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңғы 8.00 шамасында №45 автобус Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла берген кезде, жаяу жүргіншіні басып кеткен, деп хабарлады Almaty.tv.

Алматыда бойжеткенді басып кеткен автобустың видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. 


"Алматыэлектротранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдері берген мәліметтерге сүйенсек, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қыз балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазір бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр.

«Жедел жәрдем бригадасы оң жақ аяғы қатты жарақаттанған пациентті № 7 ауруханаға жеткізді. Ол қарқынды терапия және жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталмыш жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы