ШҚО-да қылмыстық істер электронды форматта қаралуда

3 Қыркүйек 2019, 17:58
1505
Бөлісу:
ШҚО-да қылмыстық істер электронды форматта қаралуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің құқық қорғау органдары биылдан бастап орта дәрежедегі қылмыстық істерді электронды форматта қарай бастады. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елена Антипованың айтуынша, олар барлық қылмыстық сот өндірісін тіркеуден бастап сот шешім шығарғанға дейінгі және одан әрі жазаны өтеуді де электронды форматқа көшіру жөнінде мақсат қойған

«Осы бағытта модуль жасақталып, 2018 жылдың сәуір афнан бастап өңірдің құқық қорғау органдары істерді электронды форматта қарай бастады. Өткен жылы орта дәрежедегі қылмыстық істер қаралса, биылдан бастап орта дәрежедегілері электронды форматта қарала бастады», - деді Елена Антипова.

Оның айтуынша, аталмыш үрдіс оң нәтижесін беріп, сотқа дейінгі тергеу органдары жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар қылмыстық іс қатысушыларына да бірқатар мүмкіндіктер берген. Бұдан бөлек, адвокаттар мен басқа да қатысушыларға онлайн режимде процессуалды құжаттардың көшірмесін алып, қолдаухат беруге мүмкіндік жасайтын «Қоғамдық сектор» ақпараттық порталы іске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы