Атырау маңында 102 шақырым жолға асфальт төселеді

3 Қыркүйек 2019, 20:48
2232
Бөлісу:
Атырау маңында 102 шақырым жолға асфальт төселеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмысшылар қала маңындағы 97 көшеге, яғни, 102 шақырымға жолға асфальт төсейді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығының негізгі көшелерінде ғана емес, қала маңындағы селолық округтерде де құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, Ақсай-2, Тасқала-3, Дамба-2, Еркінқала-2 ауылдық округтерінде жуық арада жаңа асфальт пен тротуарлар пайда болады. Өзге аудандардағы секілді , мұнда да мердігерлер жол төсемін тегістеп, жиектерін жөндеп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасайды.

"Қазіргі уақытта қала маңындағы 20 көшеге - 14 шақырымнан астам жол төселді. Жұмыс әлі де жалғасуда, мердігерлер алдын-ала жоспарланған учаскелерге жаяу жүргіншілер жолдары мен тратуарларға асфальт төсейді", - дейді қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Алмас Сарсенов.






Өзгелердің жаңалығы