Көлгінов: Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артады

3 Қыркүйек 2019, 21:47
1379
Бөлісу:
Көлгінов: Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында алдағы үш жылда кезекте тұрған аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР Президентінің жолдауын талқылау бойынша қала активінің отырысында қала әкімі Алтай Көлгінов егер жазда тұрғын үйге кезекте 46 мың адам тұрса, қазір оның саны 47,5 мыңға дейін өскенін айтты.

"Кезекте тұрған адамдар саны артуда. Екі айда кезек бір жарым мың адамға көбейді. Келесі жылы елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есеге ұлғайтылады. Теқ қана бюджетке жүгініп қана қоймай, сонымен қатар қолжетімді тұрғын үй құрылысына жеке инвесторларды тарту қажет", - деді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі жақында модульдік үй құрылысы зауытының іске қосылғанын атап өтті. Құрылыстың осындай түрі шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және үй салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Құрылыс салушылар қолжетімді тұрғын үй сегментін қарастырды.


Өзгелердің жаңалығы