Елордада екі оңалту орталығы ашылады

3 Қыркүйек 2019, 22:37
1337
Бөлісу:
Елордада екі оңалту орталығы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-сұлтан қаласында екі оңалту орталығы мен 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мұны ҚР Президентінің Жолдауын талқылауға арналған қала активінде қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. 

"Ұлт денсаулығын нығайту мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Мемлекет басшысы балаларға арналған шағын және орта оңалту орталықтарының желісін қол жетімді түрде кеңейтуді тапсырды және қоғамда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасау міндетін атап өтті. Осы мақсатта елордада екі оңалту орталығы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз әріптестерімізбен ерекше қажеттіліктері бар балалармен мамандар айналысатын әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бардық. Кездесу барысында олар мекемеде арнайы аппараттар, жабдықтар жеткіліксіз екенін атап өтті. Біз осы мәселелердің барлығын жаңа оңалту орталықтарын ашу кезінде ескереміз", - деді Алтай Көлгінов. 

Сонымен қатар, қаланың барлық аудандарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланған. Қалада спорт алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы