Техникалық байқаудың арнайы бағдарламаларына жаңа ережелер енгізіледі

3 Қыркүйек 2019, 18:45
1528
Бөлісу:
Техникалық байқаудың арнайы бағдарламаларына жаңа ережелер енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ техникалық байқау орталықтарында орнатылған жабдықтарға сәйкес келетін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды әзірледі. 

Техникалық байқау орталықтарында орнатылған осы бағдарламалардың арқасында бақылау-диагностикалық құралдар арқылы көрсеткіштердің нәтижелері белгілі болады, оның қорытындысы бойынша диагностикалық карта беріледі. Қазіргі таңдағы барлық бұзылулар фотошоптар болып табылады, автомобильдің өзін ұсынбай техникалық байқауды өткізу, осы бағдарламалардың белгілі бір талаптарға сәйкес келмеуінен туындайды. Жаңа талаптарда техникалық байқау нәтижелерін қолмен енгізуді болдырмайтын барлық нюанстар көзделген. Жаңа талаптар бойынша техникалық байқауды өткізу үдерісі жақсарады, сондай-ақ оның сапасы артады.

"Бірыңғай ақпараттық жүйе техникалық байқауға ұсынылған автомобильдердің есебін жүргізеді. Оны 2012 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ әзірлеген болатын. Сол кезде техникалық байқау бәсекелестік ортаға берілді. Операторлар саны мен техникалық байқау құны осы операторға байланысты емес, себебі оның мақсаты-техникалық тексеруге ұсынылған машиналардың есебін жүргізу, яғни техникалық байқау операторлары техникалық байқау нәтижесі туралы ақпаратты бірыңғай операторға береді, ол өз кезегінде жалпы статистиканы (есепке алуды) жүргізеді", - делінген хабарламада.

Оператор техникалық байқаудан өткен немесе өтпеген автомобильдер туралы мәліметтердің барлық деректері құйылатын техникалық байқау жүйесіндегі жоғары буын болып табылады. Қазіргі уақытта техникалық байқау операторларының тізілімінде 600-ден астам оператор бар.

Міндетті техникалық тексеруге қатысты заңнаманы бұзған адамдар да бар, алайда адал операторлардың саны басым. 2018 жылы және 2019 жылдың басынан бері 20-дан астам диакартаны қолдан жасау фактісі анықталды.

Техникалық байқауға қатысты ҚР заңнамасындағы соңғы өзгерістерге байланысты, байқаудан өту рәсімі бұрынғыдай қалды, өзгерістер тек бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық бөлігіне ғана қатысты болды, оның мақсаты автомобильдерді тексеру сапасын және диагностикалық бақылау жабдықтарынан берілетін мәліметтердің дұрыстығын жақсарту болып табылады.

Министрліктің мәліметінше, көліктің жаңа иесі туралы деректерді жаңарту үшін www.eisto.kz сайтына өту және NC қайта тіркеу рәсімінен өту қажет. Жоғарыда көрсетілген сайт тарапынан техникалық қателер туындаған жағдайда 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Өзгелердің жаңалығы