Сараптама
-
-
ҰБТ-2022: Өзгерістер мен жаңашылдықтар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектеп бітіруші түлектер білімін сынап, еліміздің таңдаулы университеттеріне оқуға түсу үшін ҰБТ тапсырады. Негізгі ҰБТ-2022 16 мамырда басталды және ол 5 шілдеге дейін жалғасады.
24.05.2022
-
Оқушы, каникул, қауіпсіз орта: Балалар қауіптен қалай сақтана алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі мен Baq.kz ақпарат агенттігінің мектеп оқушыларына арналған жобасының кезекті қауіпсіздік сабағы өтті. Балалар жылы аясында ұйымдастырылған сабақ «Көшедегі қауіпсіздік» тақырыбына арналды.
18.05.2022
-
Есімді бірде жинап, бірде жоғалтып жаттым. Әскери қызметішінің анты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басында орын алған «Қаңтар оқиғасы» кезінде Ұлттық ұланның офицерлері мен сарбаздары анттарына адалдық танытып, қызметтерін мінсіз атқара білді. 400-ден аса ұландық әскери қызметші әртүрлі деңгейде жарақат алып, өкінішке қарай, екі жас сарбаз қаза тапты.
17.05.2022
-
Майдандағы періштелер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін – Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталған күні. Жеңіске бір қадам болсын жақындауға қару алып соғысқан жауынгерлермен қатар жараланғандарға күн-түн демей көмек көрсеткен медицина қызметкерлерінің де үлесі ұшан-теңіз екені белгілі.
09.05.2022
-
Отан қорғаушының жасампаз келбеті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушылар күні қазақстандықтар үшін айтулы мереке саналатын 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында атап өтілуінде терең мағына жатыр.
08.05.2022
-
Машан батыр және абақ елі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ халқының құрамындағы ірі одақтың бірі – Абақ керей тайпасы қиын кезеңге тап болып, қиналған тұсы 1723 жылы Ойрат қонтайшысы Себен-Рабданның қанды жорығы.
06.05.2022
-
Импортқа тәуелділіктен құтқарар 700 жоба. Өндірістік грант кімдерге беріледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайын елімізде шамамен 300 мың тонна шитті мақта жинайды және жылына 65-70 мың тонна мақта талшығы өндіріледі. Қазіргі уақытта мақта талшығының 85%-ы шетелге экспортталады, ал қалған 15%-ын отандық кәсіпорындар өңдейді.
29.04.2022
-
Су тасқыны, өрт, құтқарушылар айлығы: ТЖМ басшысы министрлік жұмысы туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл су тасқыны кезеңі басталғаннан бері республика бойынша 11 елді мекендегі 192 тұрғын үй мен 78 саяжайды су басты. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, қазіргі күні келтірілген шығынның көлемі есептеліп жатыр.
22.04.2022
-
Криптовалютаға кіріптарлық. 4,5 млн теңгесінен айырылған көпбалалы ана
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы кездері тек біздің елде ғана емес, әлемде де криптовалюта мен биткойн ұғымдары жиі айтылып жүр. Оған қызығушылық танытып, ақшасын салып жатқандар да аз емес көрінеді. Сондай инвесторлардың бірі – түркістандық көпбалалы ана Раушан Алданқызы (кейіпкердің өтініші бойынша аты-жөні өзгертілді). Ол жолдасы екеуі бір күннің ішінде маңдай терімен жинаған 4,5 млн теңгелерінен айырылып қалған.
18.04.2022
-
Суицидтің алдын алуға бола ма? Мамандар пікірі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Суицид қоғамда кеңінен етек жайған дерттің біріне айналды. Қазақстан - өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіштері бойынша көш бастап тұрған елдердің бірі. Мысалы, 2015-2021 жылдар аралығында халық арасында суицид саны мен оны жасауға ұмтылу әрекеттері артқан. Суицид жасау 27,6 пайызға, оны жасауға әрекет ету 10,1 пайызға көбейген. Мамандар суицидтің алдын алу боынша өз пікірлерін айтты.
11.04.2022
-
Британияда оқып, ауыл мектебінде білім беретін мұғалім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ол – Аралбек Берікұлы, математика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, сондай-ақ Ұлыбритания университетінен жоғары білімнен кейін берілетін PGCE сертификатын алған білікті маман.
01.04.2022
-
Диетолог оразада қандай тамақтан бас тарту керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ертең қасиетті Рамазан айы басталады. Қасиетті айда ораза тұтатындар азаматтар қалай дұрыс тамақтануы керек? Қандай тағамдар адамға күш береді? Қандай тамақтан бас тартқан дұрыс? Диетолог маман Жанна Нұрбергенқызы ораза кезінде қалай дұрыс тамақтану керегі туралы айтып берді.
01.04.2022
-
Президенттік жастар кадр резерві: Бұл қандай жоба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттік жастар кадрлық резервін құру қажеттігін 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. Сол кезде Мемлекет басшысы резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиіс екенін айтты. Жалпы Президенттік жастар кадр резерві деген не? Бұл жобаға кім қатыса алады? Резервшілер қайда жұмысқа орналасады.
28.03.2022
-
Amanat-тың миссиясы: Сарапшылар партияның қай бағытта жұмыс істеуі керегін болжады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan-ның кезектен тыс XXII съезі өтті. Шара барысында партияның атауы Amanat болып өзгертілді. «ҚазАқпарат» ХАА алаңында бас қосқан сарапшылар партияның жаңғыртылуы туралы пікір білдірді.
02.03.2022
-
Утильалым, жаңа тариф: Сарапшылар не дейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Хабар24» телеарнасына берген сұхбатында утильалымның бағасы 50 пайызға төмендетілгенін мәлімдеді. Осыған қатысты саладағы сарапшылардың пікірін біліп көрдік.
23.02.2022
-
Жемқорлық тәуекелдері. Қорғаныс министрлігі қандай жаңа тәсілдерді қолданады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жариялады. Қазақстан әскерінде осы бағытта қандай бағыттар жүріп жатқанын Қарулы Күштер Әскери полиция бас басқармасының офицері әділет подполковнигі Нұрлан Әкімбеков айтып берді.
15.02.2022
Наверх