Amanat-тың миссиясы: Сарапшылар партияның қай бағытта жұмыс істеуі керегін болжады

Amanat-тың миссиясы: Сарапшылар партияның қай бағытта жұмыс істеуі керегін болжады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 наурызда Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan-ның кезектен тыс XXII съезі өтті. Шара барысында партияның атауы Amanat болып өзгертілді. «ҚазАқпарат» ХАА алаңында бас қосқан сарапшылар партияның жаңғыртылуы туралы пікір білдірді.

«Шенеуніктер партиясы»

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев атап өткендей, партия бастапқыда қолдан жасалды. 

Amanat-тың миссиясы: Сарапшылар партияның қай бағытта жұмыс істеуі керегін болжады

Ол билікке таласқан жастардан құралған жоқ. Ол билік құрамында құрылды. Халық арасында ол шенеуніктер партиясы деп аталды. Ал партияның мүшелері өздерінің мақсаты мен міндетін түсіне қоймайды. Қаңтар оқиғаларында партияның мүшелері шықпады. Оларға алаңға шығып, өз пікірлерін білдіруге болатын еді. Бірақ олар олай істемеді, - деді ол. 

Қалиев Президент партияға тағы бір мүмкіндік беріп, жаңғырту жасауды өз қолына алғанын айтты. 

Жыл соңына дейін ол орынадалады деп ойлаймын. Amanat партиясы келесі сайлауға жинаған беделімен, тәжірибесімен келеді деген үміттемін. Себебі сайлау партияның тиімділігін көрсетеді. Егер жақсы жұмыс істесе, жеңіске жетеді, нашар жұмыс істесе, қателіктермен әрі қарай жұмыс істеуін жалғастырады, - деді Талғат Қалиев.

Оның айтуынша, келесі сайлауда Amanat партиясы 51 пайыз дауыс жинаса, жақсы көрсеткіш болады. 

Ол үшін партия халықпен тікелей жұмыс істеп, қағазбастылықтан арылуы керек. Қазір партияның мүшелерінен ұсыныс жинау басталды. Бұл әдіс жұмыс істесе, көп құрылымның жұмысын алмастыруға мүміндік береді. Қазір ішкі саясаттың күн тәртібін Президент әкімшілігі немесе Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дайындайды. Ал сау жүйеде пікірталастар арқылы жеңіске жеткен платформа әзірлеуі керек. Бұл кез келген мемлекет астында жұмыс істейтін орталықтан тиімді болар еді, - деді Қалиев. 

Ол атап өткендей, бірқатар өңірдегі филиалда жаңғыртудың барлығын есеппен жабуға тырысуы мүмкін.

Орталық аппаратта да әртүрлі күштер пайда болуы мүмкін. Бұл қарсы шығу тарапынан емес, жұмысты түсінбеуден туындауы мүмкін. Мысалы, Amanat партиясы жаңғыртудан өтпей, сайлаудан жеңіліп қалса, болған ұстанымды қайтару оңайға соқпайтыны белгілі. Жаңғыртуға мүмкіндік әркез бар, бірақ ол өте ауыр жол. Адами факторлар мен таптаурындар, психологиялық себептер болады. Бізде барлығы мемлекеттен қайтарымсыз бірдеңе сұрауға үйреніп қалған. Партия құрамында да ондайлар бар, - деді ол.

Қоғамдық қабылдау форматының өзгеруі

 

Қоғамдық саясат институтының бөлім жетекшісі Дәурен Базаров соңғы жылдары диалогтік пікірталастар мен алаңдар белсенді дамып жатқанын айтады. 

 

Amanat-тың миссиясы: Сарапшылар партияның қай бағытта жұмыс істеуі керегін болжады

Онда елдің және шетелдік өзекті қоғамдық-саяси мәселелер талқыланады. Сондай-ақ Amanat партиясы жанында диалогтік, пікірталас алаңдары бар. Ол алаңдарда да осы мәселелер талқыланады. Кешегі съезде Мемлекет басшысы барлық пікірталас әлеуметтік желілерде емес, Парламент қабырғасында фракция негізінде талқылануы керек екенін айтты. Олар өзекті мәселені талқылап, оларға шешім табуы керек. Партия енді осы бағытты да қолға алады, - деді Базаров. 

Оның айтуынша, қоғамдық қабылдау аясында азаматтардан ұсыныс та қабылданатыны айтылды. 

Президент партия ішіндегі қағазбастылық туралы айтты. Партия ішінде орталықсыздандыру жүзеге асырылады. Біз көп мүмкіндікті өңірлерге беріп отырмыз. Саяси менеджменттің академиясы бар, онда мүшелерді оқытамыз. Жаңа тұлғаларға осылайша шығамыз, - деді Базаров. 

Партияны ұжымдық басқару

«ABISHEV ANALYTICS» телеграм-арнасыынң авторы, саяси сарапшы Ғазиз Әбішев Президент партия төрағалығынан кету туралы айтқан кезде, төрағаның орынына басқа төрағаның келуі мәселесі тұрмағанын айтты.

Amanat-тың миссиясы: Сарапшылар партияның қай бағытта жұмыс істеуі керегін болжады

Қазір ол бойынша нақты шешім жоқ. Бірақ Президент партияны басқаруды ұжымдық жүйеге ауыстыруы мүмкін. Бір төрағаның орнына  хатшылық  немесе саяси бюро болуы мүмкін. Осылайша, тәртіпті өзгертуге бола ма? Әрине, болады. Мұндай әдіс партияны тұрақты ете түседі және саяси жүйені де нығайтады, - деді ол. 

 Ғазиз Әбішев атап өткендей, Қазақстан көпұлтты мемлекет, бірақ саяси алаңда белсенділер қазақтар болып есептеледі. 

Талантты саясаткерлер көп. Қазір партияға 6-10 адамнан келіп жатыр. Алайда партия құру бойынша шекті төмендетсе, әрбір қазақ өзіне партия ашқысы келіп, соны басқарғысы келеді. Сондықтан партияларды құру оңай болса, әрбір саясаткер өз партиясын құрады. Осындай саяси хаустың төңірегінде эволюция жүреді. Төмендегі партиялар жоғарыға көтеріледі. Сондықтан Amanat партиясының қызығушылығы жағынан қарасақ, бұл тиімді болады, - деді ол. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезінде айтылған басты бастамалар туралы осы жерден оқи аласыздар. 

 

Бөлісу: