Жемқорлық тәуекелдері. Қорғаныс министрлігі қандай жаңа тәсілдерді қолданады?

Жемқорлық тәуекелдері. Қорғаныс министрлігі қандай жаңа тәсілдерді қолданады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жариялады. Қазақстан әскерінде осы бағытта қандай бағыттар жүріп жатқанын Қарулы Күштер Әскери полиция бас басқармасының офицері әділет подполковнигі Нұрлан Әкімбеков айтып берді.

-Бүгінгі күні Қарулы Күштерде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде айта кетсеңіз?

-Қазіргі таңда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу іс-шаралары бұл әскери полиция органдарының негізі міндеттерінің бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу бойынша Қорғаныс министрлігінде көп кешенді шаралар атқарылуда. Негізгі соның бірін атап өтетін болсақ өзіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерге талдау жүргізу, ішкі және сыртқы талдау. Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша шаралар өткізу және әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және бізде Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі жоғары лауазымдарға тағайындалатын адамдарға полиграфологиялық зерттеу өткізу туралы шаралар қабылдаймыз, осындай кешенді шаралар атқарылуда. Барлық гарнизонда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия құрылған. Гарнизон басшылары осы сыбайлас қарсы комиссияның төрағалары болып табылады. Осыған ұқсас Қорғаныс министрлігінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы бар. Ол комиссияның басшысы ретінде Қорғаныс минстрлігінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов тағайындалған. Ол кісінің бастамасы бойынша 4 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өткізілді. Ол отырыста сыбайлас жемқорлыққа тәуекелді жою жөнінде барлығы 34 ұсыным әзірленді. Ол ұсынымдарды жою бойынша тиісті құрылым басшыларына ұсыным жолданды. Тағы да басқа шаруалар атқарылуда.

-Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің барлық бағытын түбегейлі қайта қарауды айтты. Қорғаныс министрлігі қандай жаңа тәсілдерді қолдануды жоспарлап отыр?

-Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға белсене қатысты Қорғаныс министрлігі. Онда көрсетілген барлық іс-шара атқарылды. Қазіргі 2022 жылғы 2 ақпанда Жоғары бас қолбасшысының Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасы бекітілді. Осы тұжырымдамаға сәйкес Қорғаныс министрлігі сол көрсетілген барлық тәсілдерді сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою бойынша шараларды іске асыруға ат салысады және қоса кететін жағдай сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі арнайы жоспарлар әзірленіп, енгізіліп бекітілуде.

-Ал жалпы жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіле ме? Көбінесе қандай қызмет салаларында жемқорлыққа жол береді?

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнамасына сәйкес Қорғаныс министрлігінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаулар жүргізілуде. Кадрлар жұмысында, мемлекеттік сатып алу, тылдық қамтамасыз ету, күрделі құрылыс, жөндеу жұмыстары, тұрғын үйлерді беру сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының қызметінің саласында осындай талдаулар жүргізілді. Былтырғы жылы осы талдаулар бойынша 79 ұсыным енгізілді.

-Мемлекеттік сатып алулар рәсімдерінің толық, ашық жүргізуіне қол жеткізу үшін қандай шаралар қабылданбақ? Әскери есепке алу және әскерге шақыру науқанында жемқорлықтың алдын алу мақсатында не істелуде? Қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

-Мемлекеттік сатып алу бұл сыбайлас жемқорлықтың ең күрделі мәселелерінің бірі. Қорғаныс министрлігінде осы мәселелерді жою жөнінде бірнеше шаралар атқарылуда. Соның біріне тоқтала кететін болсақ, мемлекеттік сатып алу комиссияларының құрамына бақылаушы ретінде қоғамдық өкілдер, әскери полиция органдары, бас қаржы инспекциясының және тиісті құрылымдық бөлімшелерінің құзыретті өкілдері мемлекеттік сатып алуға қатысады. Айта кететін тағы да бір жағдай, Қарулы Күштердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартына сәйкес мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде сол осы іс-шаралардың барлығы бейне, аудио жазба арқылы жүргізіледі және келешекте оны туындаған мәселелер бойынша қарастыруға болады.

- Ал енді мына «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің жұмысы жайлы не айтасыз? Қаншалық тиімді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмегі қандай?

-«Қарулы Күштер - адалдық алаңы» кеңселік жобасының негізгі мақсаттарының бірі азаматтардың Қарулы Күштерге деген сенімін арттыру және азаматтардың, әскери қызметшілердің олардың отбасыларының заңды құқықтарымен мүдделерін қорғау болып табылады.

-Нұрлан Мұқанұлы, Қарулы Күштердегі жемқорлық жасап, құқық бұзғандар туралы жаңа статистикамен бөліссеңіз?

-Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегіне сәйкес Қорғаныс министрлігінде 2021 жылы жиырма жемқорлық қылмыс тіркелді. Ол 2020 жылмен салыстырғанда отыз үш пайызға, яғни осыдан жиырма пайызға төмендеген. Ағымдағы жылдың қаңтар айында бір сыбайлас жемқорлық тіркелді. Өткен жылмен яғни 2021 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 67 пайызға, яғни үш сыбайлас жемқорлық қылмысынан бір сыбайлас жемқорлыққа төмендеп отыр. Айта кететін тағы бір мәселе, сыбайлас жемқорлық жұмыстарды анықтауға Қорғаныс министрлігі өзі тікелей ат салысады. Ағымдағы жылы анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыс әскери полиция және әскери тергеу органдарының қызметкерлерімен айқындалып, әшкереленіп отыр. Ал өткен жылғы сыбайлас жемқорлық қылмыстың ішінде үш сыбайлас жемқорлық қылмысты Қорғаныс министрлігінің органдары анықтаған. Тағы да айта кететін мәселе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыс бойынша көбінесе әскери қызметшілердің өзі өз беттерінше арызданады. Бұл дегеніміз, яғни әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптасуын көрсетіп отыр.

-Мемлекет басшысы жұртшылық санасына "жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет" қағидасын сіңіруді айтты. Біздің ведомство бұл тапсырманы қалай жүзеге асырады?

-Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздік қатер ретінде таниды. Қорғаныс министрі Жоғарғы Бас қолбасшысы сыбайлас жемқорлыққа ымырасыз күрес жөнінде тапсырмасы шеңберінде Қорғаныс министрінің орынбасарларының, Бас штаб орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті басты бағыттарының бірі ретінде санауды талап етті және ол бойынша күрес аяусыз жүйелі түрде жүргізуді тапсырды. Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша қоғам өкілдері тікелей қатысатын болады.

Бөлісу: