Сараптама
-
-
Финляндия қазағы. 3 млн еуро және кванттық компьютер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Финляндиядағы қазақ ғалымы Сәуленұр Қызырбекұлы Еуропа одағының 2 миллион еуро сомасындағы зерттеу грантын жеңіп алған болатын. Осыған орай Финляндиядағы Ювяскюля университетінің профессоры Сәуленұр Қызырбекұлының өзімен әңгімелестік.
19.01.2022
-
Шәукенова: Қазақстан дамуына Назарбаев ықпалы ұзақ уақыт сезілетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осы аралықта Қазақстан атауымен қатар жүрген бір есім – Нұрсұлтан Назарбаев. Замана тұлғаларының бағасын тарих береді. Десе де Тұңғыш Президенттің саяси келбеті жайлы кез келген адам ойланады деп ойлаймыз.
01.12.2021
-
Ақбол Үдербаева: Режиссерлік – зергерлікпен айналысумен бірдей
Бір күні жаңағы айтып отырған Бақыт Досымов келді. «Мен ана Сайын көшесінің бойында тұратын жеңілжүрісті қыздардан сұқбат алып келсем, эфирден беріле ме екен?» - дейді. «Ойбай-ау, ондайды біздің эфирден беруші ме еді?» - деп жатырмын. «Жарайды, не болса да жазып келейін, сосын көрерміз» - деп кетті. Сонымен не керек, барып, жазып келіпті. Ақыры дайындалған хабар болған соң, басшылықпен келісіп, эфирден беретін болдық.
15.10.2021
-
Аманжан Еңсебаев. Қазақ дикторлар мектебі. Ағалар жолы
Бұл жолы радионың ардагері, күллі қазаққа белгілі диктор Аманжан Еңсебаевты әңгімеге тартқан едік. Жарты ғасыр ғұмырын ұлттың үнжариясына арнаған ардагер сол кездегі Қазақ радиосында қызмет атқарған дикторлар жайлы сөз айтты. Аманжан Еңсебаев әсіресе өзі ұстаз тұтқан Әнуарбек Байжанбаев туралы тамаша естеліктерімен бөлісті.
29.09.2021
-
Құсман Игісін. «Эфирді бұзасыңдар!» Қазақ радиосы – дикторлықтың үлкен мектебі еді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ғасыр күнделігі айдарының келесі қонағы Қазақ радиосының ардагері, белгілі журналист Құсман Игісін. Өмірінің 40 жылын радио мен телеарнаға арнаған қарымды қаламгер радио ардагерлері жайлы тұшымды естеліктерін айтып берді.
17.09.2021
-
Айгүл Ысқақова: Қазақ радиосы. «Атамекен» редакциясының сырлары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өмір сүру қанша жеңіл болса да, тағдыры ауыр жандар болады. Ғасыр күнделігі айдарының бұл жолғы кейіпкерінің де тағдыры сәби кезінен бастап тартысқа түскен.
04.09.2021
-
Алтынбектің аңызы: Қоңыр әулие – көне Қаған ба, әлде 124 мың пайғамбардың бірі ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан бірнеше ай бұрын Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін салт атпен көпкүндік экспедицияға барып қайтқан едік. Осы сапарда байырғы мекен Баянауылдағы ҰТП қызметкері, елімізге белгілі эколог-қорықшы Алтынбек Құрмановтың аңызға толы әңгімесінің куәсі болған едік.
20.08.2021
-
Еркебұлан Шәріпханов. «Қайнар қасіреті». Рымғалидың орындалмай қалған өсиеті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еркебұлан Шәріпханов – ШҚО Абыралы ауданының бұрынғы әкімі. Бозоқ қалашығынан Жидебайға дейінгі сапарымызда бізді Қайнар ауылынан күтіп алып, Тоқтамыс ауылына дейін жолбасшы болып барған еді.
Жер ұзақ, жол ұту үшін түрлі тақырыпта әңгіме өрбиді. Осыны пайдаланып Еркебұлан Хамитұлын біраз сөзге тарттық. Абыралы, Қайнар, Дегелең өңірлеріне қатысты біраз жайттың куәсі болдық.
15.07.2021
-
Нұрым Сағалиев: «Бұйратау» ҰТП-да браконьерлік мүлде жоқ деуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аң бақылаушы биолог Нұрым Сағалиев Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйілісіндегі «Бұйратау» Ұлттық табиғи паркінде ашылғаннан бері жұмыс істеп келеді.
06.07.2021
-
Кәрім Бақриденов: Қазақ радиосының тілшісі болғаным өмірімді құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ радиосының 100 жылдығына орай белгілі журналист, Қазақ радиосының Ардагері, «Қазақ журналистикасының қайраткері», радионың Атырау облысындағы меншікті тілшісі болған, журналист Кәрім Бақриденовпен сұқбаттасқан едік.
13.05.2021
-
Иманбай Жұбаев. 4 ай жұмыс істеген жеке радио. Қазақ радиосы – ыстық ұя
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ радиосының 100 жылдығына орай белгілі журналист, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың иегері, 1990 жылдары «Жастар мен балалар» редакциясының бас редакторы болған Иманбай Жұбаевпен әңгімелескен едік.
04.05.2021
-
Күләш Жалбырова: Кейбір телеарнадан гөрі радиода тыңдауға тұрарлық дүние бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ғасыр күнделігі» айдарының бұл жолғы қонағы Қазақ радиосының музыкалық редакциясында қызмет атқарған Күләш Сәдуахасқызы Жалбырова.
16.04.2021
-
Бүркіт Бекмағамбетов: Радио – халықтың ұстазы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ радиосының 100 жылдығына орай ардагер журналистермен әңгімелесуді жалғастырайық. «Ғасыр күнделігі» айдарының бүгінгі қонағы белгілі диктор Бүркіт Бекмағамбетов.
09.04.2021
-
Ғалия Балтабаева: Сұқбат беріп отырған қарияның сөзі сүйегімнен өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ радиосының 100 жылдығына орай белгілі журналист, Қазақ Радиосының Ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі, Павлодар облысының Құрметті азаматы, Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болған, журналист Ғалия Балтабаймен әңгімелескен едік.
26.03.2021
-
Профессионалдар. Информатика пәні мұғалімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Информатика мұғалімі – ХХІ ғасырдың мамандығы. Қазіргі балалар ерте жастан бастап компьютермен өскенімен, олар информатика негіздерінің не екенін түсіне бермейді. Олар компьютердің не екенін мектеп қабырғасына келгенде ғана толық түсіне бастайды.
14.01.2021
-
Профессор: Абай − көне жазба тілдің жалғастырушысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығында Шерубай Құрманбайұлы мен Мәрлен Әділовтің авторлығымен жарық көрген «Абай тілінің ерекшеліктері» монографиясының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Осы кітапқа қатысты филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Қаламқас Қалыбаева өз ойын білдірді.
28.12.2020
Наверх