Жаңалықтар
-
"Астана, саған не болды?": Қала тұрғындары кешегі кептеліске шағымданды
Елорда тұрғындары әлеуметтік желіде Астанада қар жауғаннан бастап кептеліс көбейгенін жазып жүрген еді. Алайда кеше Threads желісінде "Астана, не болып жатыр, не деген пробка мынау?" деген сынды жазбалар көптеп жазылды. Қаланың сол жағалауында күндегіден ерекше кептеліс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
Пойыз қағып кеткен төрт теміржолшы жерленді: Ең кішісі 24 жаста
Бүгін Қарағанды облысындағы «Мойынты–Шығанақ» теміржол учаскесінде қаза тапқан жөндеу бригадасының төрт қызметкері жерленді. Марқұмдардың артында балалары мен асырауға мұқтаж жақындары қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
Тоқаевтың Түрікменстанға сапары қалай өтті? – Видео
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға сапары туралы видео жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
"Таза Қазақстан": астаналық оқушылар 7 мың қақпақтан ел картасын жасады
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Астанадағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің оқушылары пластик бөтелке қақпақтарынан Қазақстанның бірегей экокартасын құрастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
Жетісу облысында сібір жарасымен ауырған мал көмілген жерлер қоршауға алынды – әкім
Жетісу облысында сібір жарасына байланысты бұрынғы көмінділерді бетонмен қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
Ет, сүт, картоп бағасы тұрақты: Исабаев өңірдегі қымбатшылыққа қарсы шараларды атады
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімінің жоғары өнімділігі өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
Экономист Орталық Азия елдерінің бюджеттерін салыстырды: Кім мықты?
Экономист және қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов Орталық Азия елдерінің 2026 жылғы бюджеттеріне салыстырмалы талдау жасап, желтоқсан айы өңір дамуының болашағын бағалауға ең қолайлы кезең екенін атап өтті. Себебі көп мемлекет өз қаржылық жоспарларын осы уақытта бекітеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
Ақтауда базар өртенді
12 желтоқсан күні сағат 16:15-де Ақтау қаласы, 28А шағынауданында орналасқан “РИД” СК ЖШС базары жанып жатыр деген хабарлама 112 пультіне келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
Шетелге көшкен қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы ақшасын ала алады
Егер сіз шетелге тұрақты қоныс аударған болсаңыз немесе басқа елдің азаматтығын алған жағдайда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарыңызды алуға құқығыңыз бар. БЖЗҚ бұл төлемдерді рәсімдеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
Джеки Чан жаңа блокбастерін Қазақстанда түсіреді
Әлемдік жұлдыз Джеки Чан мен «Құдайдың сауыттары: Ультиматум» фильмінің режиссёры Роберт Кун өздерінің жаңа ауқымды кинотуындысын түсіру үшін Маңғыстау өңірін негізгі локация ретінде ресми түрде бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.
12.12.2025
-
Оралда пәтерлердің бірінде жойқын жарылыс болды
Оралда көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, балконның терезесін жұлып әкетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
557 млрд доллар инвестиция: АҚШ пен Сауд Арабиясы нені көздеп отыр
АҚШ пен Сауд Арабиясы арасында жалпы көлемі 557 млрд доллар болатын 242 инвестициялық келісімнің жасалуы халықаралық ақпарат кеңістігінде үлкен резонанс тудырды.
12.12.2025
-
Жетісулықтар айына қанша жалақы алатыны белгілі болды
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет берді. Әкімнің айтуынша, Жетісу облысы 2023-2024 жылдары жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) өсімі бойынша республикада үздік нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
ЛГБТ және аборт тақырыбындағы парақшалар әлем бойынша бұғатталып жатыр
Meta компаниясы аборт жөнінде кеңес беретін және ЛГБТ тақырыбындағы контент жариялайтын жаһандық аккаунттарды жаппай бұғаттады. Әлемнің түрлі елдеріндегі 50-ден астам ұйым өз парақшаларының өшірілгенін немесе шектелгенін мәлімдеді. Белсенділер бұл жағдайды соңғы жылдардағы ең ауқымды цензура толқындарының бірі деп бағалап отыр. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
Жыл соңына дейін Жетісу облысының 126 елді мекені газбен қамтылады
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі газдандыру жұмыстарының барысына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
Тоқаев Грузия премьер-министрімен кездесті
Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
Валюта айырбастау пункттеріне жаңа талаптар қойылады
Қазақстан Ұлттық банкінің 2 желтоқсандағы қаулысымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында айырбастау пункттерінің ішкі бақылау талаптарына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
Жапонияда магнитудасы 6,7 болатын күшті жер сілкінісі болды
Жұма күні, 12 желтоқсанда Жапонияның солтүстігіндегі Аомори префектурасында қуатты жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
12.12.2025
-
Тоқаев Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды
Мемлекет басшысы БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
Елімізде екі автомобиль өткізу пункті ашылды
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» және Түркіменстанмен шекарада орналасқан «Темір баба» пункттері, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025