28 Сәуір 2026, 08:32
Фото: istockphoto.com
Қостанайда жүк тиегіш жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қостанай қаласында арнайы техниканың қатысуымен болған жол апаты салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияның мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні Киевская көшесінде тіркелген. Алдын ала ақпарат бойынша, "XC-938KZ" маркалы жүк тиегіштің жүргізушісі кері қозғалыс кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, әсіресе көріну шектеулі жағдайларда барынша мұқият болу қажеттігін ескертті.
- Францияда Пушкиннің сирек кітаптарын ұрлағандарға жеті жылға дейін түрме жазасы кесілді 20:55
- Қызметтік ит Астанаға кіреберісте көліктен есірткі тапты 20:18
- Жетісуда аурухананың 53 млн теңгелік тендері заң бұзушылықтарға байланысты тоқтатылды 19:49
- Иран ақпанда қаза тапқан Али Хаменеиді жерлеу күнін белгіледі 19:18
- Көкшетауда найзағай түскеннен кейін жекеменшік үй өртенді 18:49
- Астанадағы LRT-ның жеңілдік және мектеп карталарын қайдан және қалай алуға болады? 18:13
- Ресейдегі балалар лагерінде өрт шықты: 70-тен астам адам эвакуацияланды 17:50