Бүгiн 2026, 00:30
Фото: freepik
НАТО жыл сайынғы саммиттерден бас тартуы мүмкін
Қазіргі уақытта бұл мәселе талқылау кезеңінде, нақты шешім қабылданған жоқ.
НАТО жыл сайын өтетін саммиттерден бас тарту мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Reuters Брюссель мен Вашингтондағы дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Агенттік мәліметінше, мұндай қадам АҚШ пен Еуропа елдері арасындағы шиеленістің артуына байланысты талқыланып жатыр. Сонымен қатар, альянс 2027 жылы Дональд Трамп қатысуы мүмкін кездесулердегі ықтимал саяси келіспеушіліктерден аулақ болуды көздейді.
Қазіргі уақытта бұл мәселе талқылау кезеңінде, нақты шешім қабылданған жоқ.