Пәкістан Ауғанстандағы университетке соққы жасады деп айыпталды
Ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің арасында Кунар университетінің студенттері мен оқытушылары бар.
Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында болған әуе соққылары салдарынан кемінде 7 адам қаза тауып, 75 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің арасында Кунар университетінің студенттері мен оқытушылары бар. «Талибан» үкіметінің мәліметінше, жараланғандардың шамамен 30-ы – студенттер.
Ауғанстанның жоғары білім министрлігі университет кампусы мен оның айналасындағы инфрақұрылымға елеулі зақым келгенін мәлімдеді. Куәгерлер жарылыстарды оқу орнында естігенін айтқан.
Алайда Пәкістанның ақпарат министрлігі бұл айыптауларды жоққа шығарып, университет пен тұрғын аудандарға соққы жасалды деген ақпаратты «жалған» деп атады.
Оқиға Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шекаралық шиеленістер күшейген кезеңде орын алып отыр. Соңғы айларда екі ел арасындағы қақтығыстарда жүздеген адам қаза тауып, жараланған. Бұған дейін Қытайдың араағайындығымен тараптар арасында келіссөздер жүргізіліп, уақытша бітімге қол жеткізілген болатын.