Бүгiн 2026, 08:03 Фото: President Trump via Truth Social

Трампқа қастандық жасамақ болды деген күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Сот шешімімен күдікті қамауға алынды, ал алғашқы сот тыңдауы 30 сәуірге белгіленді.

Дональд Трамп қатысқан қабылдау кезінде атыс ұйымдастырды деп айыпталған Коул Томас Аллен өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы АҚШ Әділет министрінің міндетін атқарушы, Бас прокурор Тодд Бланш мәлімдеді. Оның айтуынша, Алленге үш бап бойынша айып тағылған. Соның ең ауыры — АҚШ президентіне қастандық жасау әрекеті. Бұл қылмыс үшін өмір бойына дейін жаза қарастырылған.

Тергеу мәліметінше, күдікті Вашингтон қаласындағы президент қатысатын іс-шара өтетін қонақүйде алдын ала бөлме брондаған. Ол 24–26 сәуір аралығында сол жерде болуды жоспарлаған.

Сондай-ақ оған ауыр қылмыс жасау мақсатында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тасымалдау және зорлық-зомбылық кезінде қару қолдану баптары бойынша да айып тағылып отыр.

Сот шешімімен күдікті қамауға алынды, ал алғашқы сот тыңдауы 30 сәуірге белгіленді. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға дер кезінде тоқтатылып, ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік болған.