Кеше 2026, 22:53 Фото: Скриншот

Елордалық тұрғын Меккеге жаяу сапарға аттанды

Сапар барысында ол Көкшетау қаласы арқылы өтіп, мұнда ақмолалық құтқарушылармен кездесті.

Астана қаласының тұрғыны Азамат Сәрсембай қасиетті Меккеге жаяу сапарға шықты. Оның алдында мыңдаған шақырым жол мен жеті елдің шекарасын еңсеру міндеті тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар барысында ол Көкшетау қаласы арқылы өтіп, мұнда ақмолалық құтқарушылармен кездесті. Құтқарушылар жолдың қауіпсіз әрі жеңіл өтуіне көмектесу мақсатында оған шам мен азық-түлік табыстады.

Жылы жүздесу барысында ізгі тілектер айтылып, естелік суретке түсірілді. Азамат Сәрсембай көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, сапарын әрі қарай жалғастырды.

Жаяу сапарға шыққан жерлесімізге сәттілік тілейміз.