Тілсіз жау. Ту төмен түсті, ұлт аза тұтты

12 маусым – Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

12 маусым Семей орманындағы алапат өрттен қаза болғандарды аза тұту күні.

8 маусым күні «Семей орманы» резерватынан өрт шықты. Төтенше жағдай басталғаннан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жедел жұмысқа кірісіп, міндеттерін мүлтіксіз өтеуде.

Өрттің жайылып кетуіне байланысты Семейде төтенше жағдай жарияланды. Қазір сала мамандары тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.

8 мауcым күні ТЖМ министрі Абай облысы Бабаев орманшылығының аумағындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың тобын күшейтуді тапсырған болатын.

9 маусым күні Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатты. Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылды.

Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес өрт ауданы 30 000 га болды. Сол уақытта өртті сөндіруге 6 тікұшақ тартылған болатын.

9 маусым күні Абай облысындағы табиғи өртке байланысты жедел желі ашылып, ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды.

9 маусым күні Үкіметте Абай облысындағы табиғи өртке қатысты ахуал қаралды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Ахуалдық орталығының базасында Жедел Республикалық штаб отырысын өткізді.

Сол күні Абай облысындағы өрт орнына Алматы қаласынан, Алматы, Жетісу және Қарағанды облыстарынан қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Ал Қызылорда облысынан 1 тікұшақ жіберілді.

10 маусым күні таңғы сағат 4:00-де өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдердің әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері өрт орнына жіберілді.

10 маусым күні Семей билігі 800 адамға дейін сыйымдылығы бар тоғыз эвакуациялық пункт дайындады.

10 маусым күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды.

10 маусым күні Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою шаралары талқыланды.

Өрт ошағына тым таяу орналасқан үш ауылдың 50-ден астам тұрғыны Семейдегі жатақханаларға орналастырылды.

10 маусым күні Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.

10 маусым күні Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатты. Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді.

10 маусым күні Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен әскери техникасы Абай облысындағы өртті сөндіруге тартылды.

Абай облысында 9 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатты. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесті. Өртті сөндіруге 1000-нан астам адам мен 252  техника жұмылдырылды.

Өртты сөндіруге волонтерлер де қол ұшын созды. Бұл орайда, аймақтағы волонтерлер өртті сөндіруге тартылған қызметкерлерге, азық-түлік сатып алуға, тамақтандыруға және т.б. қатыстырылған қызметкерлерге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Бұған қоса, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Ұлттық волонтерлік желісі эвакуацияланған елді мекендердің тұрғындарына және өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды жариялайды.

10 маусым күні Абай облысындағы өрттен 14 адамның қаза болғаны белгілі болды.

Ресей Президенті Владимир Путин Абай облысындағы 14 адамның өмірін қиған орман өртіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Семейдегі орман өртін сөндіру кезінде көз жұмған азаматтардың аты-жөндерін жариялады.

«Семей орманы» резерватында болған ірі орман өртін жою кезінде Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзіліп, хабар-ошарсыз қалған болатын. Тез арада іздеу жұмыстары басталып кетті. Олардың аты-жөндері анықталды:

1. Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы (33 жаста) - орманшылықтың басшысы

«Семей орманы» РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығы.

2. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (27 жаста) -»Семей орманы» РММ Новошульба филиалының орманды қорғау жөніндегі инженері.

3. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы (58 жаста) - Новошульбинскийдің жүргізушісі

«Семей орманы» РММ филиалы.

4. Губаев Алексей Григорьевич (30 жаста)-орман шебері - «Семей орманы» РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.

5. Фоминов Максим Владимирович (25 жаста) - аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор-«Семей орманы» РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.

6. Нұржігітов Саят Нұржанұлы (50 жаста) - аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор -»Семей орманы» РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.

7. Наченов Константин Сергеевич (40 жаста)- «Семей орманы» РММ Новошульба филиалының күзет инспекторы - Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.

8. Сидорин Виктор Александрович (63 жаста) - аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор -»Семей орманы» РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.

9. Сидорин Александр Викторович (39 жаста) - аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор - «Семей орманы» РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.

10. Позырев Николай Иванович (54 жаста) -»Семей орманы» РММ Новошульба филиалының орталық орманшылығының өрт сөндіру машинасының жүргізушісі.

11. Позырев Сергей Николаевич (30 жаста) - «Семей орманы» РММ Новошульба филиалы Орталық орманшылығының орман өрт сөндірушісі.

12. Азамкин Петр Александрович (51 жаста) -»Семей орманы» РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының орман өрт сөндірушісі.

13. Дарибаев Александр Викторович (48 жаста) - «Семей орманы» РММ Новошульба филиалының диірмен орманшылығының тракторшы - машинисі.

14. Ганшин Даниил Евгеньевич (41 жаста) -»Семей орманы«РММ Новошульба филиалының орталық орманшылығы өрт сөндіру машинасының жүргізушісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Абай ауданындағы өртті сөндіруге қатысқан орман шаруашылығының қаза тапқан бес жұмысшысының аты-жөндері анықталды.

Олар:

1. Серікжан Тоқтасын, 27 жаста

2. Александр Сидорин, 39 жаста

3. Саят Нұржігітов, 51 жаста

4. Алексей Губаев, 30 жаста

5. Амангелді Дүйсембаев, 59 жаста.

11 маусым. Семей орманындағы өрт 60 мың гектар аумақты шарпыды.

11 маусым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды, ол өрт аумағын аралап шықты.

Тоқаев 12 маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

Президент қаза тапқан орманшылардың отбасы мүшелеріне көңіл айтты. Ол Өртке салғырт қараған адамдардың барлығы жазаланатынын айтты. Президент Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді. Президент министрдің оқиға орнына бармағанын, облыс әкімі тым баяу қозғалғанын айтты. Президент Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа сөгіс жариялады. Мемлекет басшысы Абай облысындағы жағдайға орай Үкімет шұғыл шаралар қабылдауы керек екені айтты. Тоқаев өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылар мен еріктілерге алғыс айтты. Тоқаев Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды. Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандар «Құрмет» орденімен марапатталды.

Прокуратура Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, Семейдегі орман өртінен келген шығынды арнайы комиссиясы есептейді.

Абай облысындағы өрттің түтінінен Бұлақ ауылының тұрғындары көшірілді.

Кеше Жедел штаб қатты жел өртті сөндіруді қиындатып жатқанын айтты.

Орман өртінен Озерского ауылының тұрғындары да көшірілді. 

Өртке байланысты жалған ақпараттар да тарады.

Бүгін өрт сөндіруге кеткен тағы бір адамның жоғалып кеткені белгілі болды. Далон орманшаруашылығының тракторшысы Архипов Сергейді іздестіріп жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты.

Абай облысындағы өрт. Эвакуацияланған Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары өздерінің жағдайы туралы айтып берген болатын.

Ел аумағы бойынша мемлекеттік ту төмен түсіріліп, телерадиода ойын-сауық бағдарламалар мен жарнама беру тоқтатылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Өзгелердің жаңалығы