Семейде орман өртіне байланысты ТЖ режимі енгізілді

9 Маусым 2023, 17:39
1199
Бөлісу:
Семейде орман өртіне байланысты ТЖ режимі енгізілді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрттің туындауына байланысты (Батпаев орманшылығы 66, 67, 55, 42 орам) Семей қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", - делінген құжатта.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы