Абай облысындағы өрт: Өртті сөндіруге 1000-нан астам адам мен 252 бірлік техника жұмылдырылған

10 Маусым 2023, 20:01
1803
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт: Өртті сөндіруге 1000-нан астам адам мен 252 бірлік техника жұмылдырылған
PHOTO

Қазіргі уақытта Абай облысында 9 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 252 бірлік техника жұмылдырылған.

Абай облысындағы өрт: Өртті сөндіруге 1000-нан астам адам мен 252 бірлік техника жұмылдырылған

11 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді, жалпы көлемі 410 тоннаны құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 263 рет су төгілді, жалпы көлемі 590 тоннаны құрайды. Әуеден барлау нәтижесінде жекелеген учаскелерде орманның төменгі бөлігінде өрт байқалады.

Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 52 қоңырау түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желі телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31. Қазіргі уақытқа дейін 52 қоңырау түсті.

Абай облысындағы өрт: Өртті сөндіруге 1000-нан астам адам мен 252 бірлік техника жұмылдырылған

Жетісу және Қарағанды облыстарынан жіберілген күштер мен құралдар өртті сөндіруге кірісті. Ал Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖД, Қарағанды мен Алматы облыстарынан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдердің әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері, сондай-ақ жылжымалы басқару пункті өрт орнына бара жатыр.

Өзгелердің жаңалығы