Орман өрті: Жалған ақпарат жарға жығады

12 Маусым 2023, 07:27
755
Бөлісу:
Орман өрті: Жалған ақпарат жарға жығады
Фото: baq.kz

Орман ағаштарын тұтандыру үшін дайындалған тамызықтар туралы интернетте тараған видеоға қатысты Абай облысының әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Интернет желісінде видео тарап жатыр, онда адамдар тобы орманда ағаштарға от қою үшін тамызықтар дайындалғанын айтады. Олардың бірі Жабық ауылының атауын атайды. Ақпараттарға сүйенсек, 2021 жылдың маусым айында Ресей Федерациясы Челябі облысының Жабық ауылында орман алқабында ірі өрт болды. Бұл видеороликтің Абай облысына еш қатысы жоқтығын айғақтайды, - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

Абай облысы әкімдігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Бұған дейін Семей орманындағы өрттің «Үлбі» ГЭС-іне қауіп төндіріп тұрғаны туралы ақпарат жоққа шығарылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы