Прокуратура Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғады

11 Маусым 2023, 21:16
1262
Бөлісу:
Прокуратура Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғады
Фото: Ақорда

2023 жылғы 9 маусымда Абай облысының орман алқабында болған өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне қабылданды.

Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Сонымен қатар, адамдардың қаза болуына және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды назарға ала отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Оны тергеп-тексеру аясында жауапты лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы