Семейде 800 адамға арналған эвакуациялық пункт дайындалды

10 Маусым 2023, 04:33
906
Бөлісу:
Семейде 800 адамға арналған эвакуациялық пункт дайындалды
Фото: Семей қаласының әкімдігі

Семей өрт салдарынан эвакуацияланған тұрғындарды қабылдауға дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семей билігі 800 адамға дейін сыйымдылығы бар тоғыз эвакуациялық пункт дайындады және Озерки ауылдық округінің Каштак, Полинки, Тепкаши және Талица ауылдарының тұрғындарын қабылдауға және қамтамасыз етуге дайын.

Эвакопункттер келушілердің уақытша тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ете отырып, колледждер, ЖОО және қалалық қонақүй ғимараттарында орналасқан. Осы пункттердің әрқайсысында ыстық тамақпен қамтамасыз ету және бірінші кезекте қажетті заттарды беру ұйымдастырылған, - делінген Семей әкімідігі таратқан хабарламада.

Халықты жедел эвакуациялау үшін 10 автобус жіберілді. Қажет болған жағдайда көмекке мұқтаж барлық адамдарды қабылдау үшін қосымша эвакуациялық пункттер ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы