Тоқаев Абай облысындағы өрт аумағын аралап шықты

11 Маусым 2023, 12:45
918
Бөлісу:
Тоқаев Абай облысындағы өрт аумағын аралап шықты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.️ Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың фотосы жарияланған еді. 

Өзгелердің жаңалығы