3 Қыркүйек 2026, 12:48 Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы тағы екі министрді тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы екі министрді тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін кеше, яғни 2 тамызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 

Ал бүгін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғанын жаздық. 

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Жаслан Мәдиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болған, енді Премьер-министрдің орынбасары қызметін де қоса атқаратын болады.

Мәди Такиев Қаржы министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына, ал Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметіне тағайындалды.

Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына, ал Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындалды.

Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына, Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметіне, ал Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына, Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне, ал Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.