Ұшақ апаты: ІІМ сотқа дейінгі тергеуді бастады

27 Желтоқсан 2019, 12:47
3252
Бөлісу:
Ұшақ апаты: ІІМ сотқа дейінгі тергеуді бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігі (әуе көлігін пайдалану және қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда тергеушілер, криминалистер, ІІМ-нің орталық аппаратының, Алматы және Алматы облысындағы көліктегі полиция департаменттерінің, сондай-ақ ІІМ ТЖК қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнын күзету қамтамасыз етіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Жұмысты ұйымдастыруға ішкі істер министрінің орынбасарлары, полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов пен Юрий Ильин келді.

Айта кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.


Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды.
Өзгелердің жаңалығы