Астанада Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) XIV пленарлық отырысында Астана декларациясы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) XIV пленарлық отырысы «TURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі» тақырыбын талқыладық. Біраз ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Оның барлығы бауырлас елдер арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және парламенттік деңгейдегі байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталып отыр, - деді Қошанов.
Іс-шара қорытындысы бойынша маңызды құжат – Астана декларациясы қабылданды.
Астана декларациясы – түркі елдерінің парламентаралық ынтымақтастығын күшейтуге зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Әсіре мемлекеттеріміз арасындағы достық пен сыйластықты арттыруға тың серпін берері сөзсіз. Сонымен бірге бүгіннен бастап ТҮРКПА төрағалығы Қазақстанға өтті. Енді барлық салада ынтымақтастықты нығайтумен қатар ұйымның халықаралық мәртебесін күшейту алдағы бір жыл ішінде жұмысымыздың ең басты бағыты болмақ, - деп айтты Мәжіліс төрағасы.
Сонымен қатар ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттер аясын кеңейтуге де баса назар аударылмақ.
Бұған дейін Әшімбаев түркі мемлекеттерінің әлеуетін толық пайдалану қажеттігін айтқан еді.
Сондай-ақ жиынның ашылуында Қошанов түркі елдері татулықтың арқасында өркендеп келе жатқанын айтқан болатын.
Оған қоса Мәжіліс төрағасы түркі елдерінің ынтымақтастығын күшейтетін бағыттарды атады.