Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар қыз табылды

Қыз ойын кезінде үйінен алыстап кеткен. Полицейлер оны аман-есен тауып, анасына тапсырды.

 istockphoto.com 8 Қараша 2026, 16:48
8 Қараша 2026, 16:48
232
Фото: istockphoto.com

Қызылордада ойын кезінде үйінен алыстап кеткен алты жасар қызды полицейлер тапты. Бала аман-есен табылып, анасына тапсырылды. Бұл туралы полиция хабарлады.

Баланың жоғалғаны туралы хабар кешкі уақытта түскен. Іздеуге патрульдік полиция батальонының инспекторы Заңғар Нұрадинов пен ювеналды полиция инспекторы Дамир Ахметулла кіріскен.

Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, дауыс зорайтқыш арқылы қыздың есімін атап шақырған. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардан көмек сұраған. Нәтижесінде баланың жүрген жері анықталды.

Қыздың анасы қызын іздеуге көмектескен полицейлерге алғысын білдірді. Ведомство өкілдері ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және олардың қайда жүргенін бақылап отыруға шақырды.

Наверх