Ресей
-
-
Екі ЖЭО құрылысы бойынша Ресейден әзірге жауап жоқ – Энергетика министрлігі
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ведомствода өткен брифингте үш жылу электр орталығын (ЖЭО) салу барысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
ЕО Ресейдің активтерін мерзімсіз бұғаттау туралы шешім қабылдады
Еуропалық Одақ (ЕО) Ресейдің Еуропадағы активтерін белгісіз мерзімге мерзімсіз бұғаттау туралы шешім қабылдады. Бұған дейін шектеу шаралары әр алты ай сайын ұзартылып келді, ал енді ЕО елдері ресейлік қаражатты қажетті болғанынша тоқтата алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
13.12.2025
-
Ресейдің Каспий мұнай-газ консорциумынан кетуі: Қазақстанға әсері қандай?
Каспий аймағында энергетикалық күш балансы қайта қалыптасып жатыр. Ресейге қарсы санкциялар тереңдеп, Мәскеу халықаралық мұнай-газ консорциумдарынан біртіндеп шегінуі мүмкін деген болжамдар күшейді. Бұл өзгеріс Қазақстан, Әзербайжан және жалпы өңір үшін жаңа мүмкіндіктер мен бірқатар қауіп-қатерді қатар алып келеді. BAQ.KZ тілшісі Ресейдің ықтимал шығуы аймақтық энергетика картасын қалай өзгертетінін зерделеп көрді.
10.12.2025
-
Ан-22 ұшағы құлады: жеті адам қаза тапты
Ресейдіӊ Иваново облысында Ан-22 ұшағы жөндеуден кейінгі тексеріс ұшуын орындау кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.12.2025
-
Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09.12.2025
-
Қазақстан мен Ресей депутаттары солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру шарттарын талқылады
Мәскеуде Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Ресей Мемлекеттік Думасы арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі палатааралық комиссияның XII отырысы өтті. Іс-шараға Мәжіліс вице-спикері Альберт Рау мен Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Александр Жуков төрағалық етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Ресей мен Украина тығырыққа тірелді: 2026 жылы жағдай қандай болмақ?
Саясаттанушы Руслан Мақсат Ресей мен Украина соғысы биыл тығырыққа тірелгенін айтты. Ол қандай тығырық және 2026 жылы жағдай өзгеруі мүмкін бе? BAQ.KZ тілшісі материалынан оқи аласыз.
08.12.2025
-
G20-ның беделі төмендеді: геосаяси текетірес саммитке қалай әсер етті
Оңтүстік Африка Республикасында өткен G20 саммитіне Владимир Путин, Дональд Трамп және Си Цзиньпиннің қатыспауы бұл форматтың қазіргі геосаяси жағдайда қаншалықты өзекті екеніне қатысты сұрақтарды күшейтті. Әлемдік державалар арасындағы сенім дағдарысы тереңдеп, көпжақты дипломатияның маңызы әлсіреп тұрған тұста G20 бұрынғыдай ықпалды алаң бола алмай отыр. BAQ.KZ тілшісі G20 саммитінің рөлі мен ықпалы туралы халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Таир Нигмановтан сұрап көрді.
05.12.2025
-
Вэнс: Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жақын арада жақсы жаңалық болуы мүмкін
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Америка әкімшілігі Украинадағы қақтығысты реттеу бағытында «айтарлықтай прогреске» қол жеткізгенін мәлімдеп, жақын апталарда бұл мәселе бойынша оң жаңалықтар болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол NBC News телеарнасына берген сұхбатында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Әлемдік инфляция және орталық банктердің қатаң саясаты: экономист талдауы
Азық-түліктің әлемдік бағасы қазір жоғары деңгейде. Бұл туралы экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Ресей Roblox платформасын бұғаттап тастады
Роскомнадзор (Ресейдің Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалау жөніндегі федералды қызметі) танымал онлайн платформа Roblox-ты бұғаттады, оны «экстремистік материалдар мен ЛГБТ насихатын» таратты және кәмелетке толмағандарға жыныстық қысым көрсету қаупін тудырды деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ Deutsche Welle-ге сілтеме жасай отырып.
04.12.2025
-
Путин Украинадағы соғысты тоқтату бойынша АҚШ-тың кейбір ұсыныстарын қабылдады – БАҚ
Кремль президент Владимир Путиннің Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған кейбір АҚШ ұсыныстарын қабылдағанын және басқаларын қабылдамағанын, бірақ Ресей келісімге келу үшін америкалық келіссөз жүргізушілермен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ батыс және ресейлік БАҚ жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
04.12.2025
-
Әлемде: Трамп мәлімдемесі, Илон Маск болжамы
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
03.12.2025
-
Путин АҚШ өкілдерімен Украинадағы бейбіт жоспарды талқылады
Бүгін, 2 желтоқсанда Кремльде Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен кездесті. Кездесуге Путиннің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков, Президенттің өкілетті өкілі Кирилл Дмитриев және аудармашылар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
02.12.2025
-
Ресейдегі утильалым Қазақстанға әсерін тигізе ме?
1 желтоқсаннан бастап Ресей Федерациясында автокөліктерге арналған жаңа утильалым мөлшерлемелері күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.12.2025
-
Енді Қытай азаматтары Ресейге визасыз кіре алады
Ресей президенті Владимир Путин Қытай азаматтарының Ресейге визасыз кіруіне рұқсат беретін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
01.12.2025
-
Әлемде: Украина мен Ресей келіссөздері, Судандағы аштық, Гонконгтағы өрт
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
28.11.2025
-
Қырым көпіріндегі жарылыс: кінәлілер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
2022 жылы Ростовта Қырым көпіріндегі жарылысқа қатысқандардың соты аяқталды. Сегіз айыпталушының барлығы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
28.11.2025
-
Украина мен АҚШ апта соңында бейбітшілік келіссөздерін жалғастырады
Украина мен АҚШ делегацияларының қол жеткізілген келісімдерді әзірлеу бойынша бірлескен жұмысы осы аптаның соңында Женевада жалғасады. Бұл туралы Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак өзінің Telegram арнасында хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2025
-
Трамп: Ресей мен Украина арасында келісімге қол жеткізетін күн жақын
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
Наверх